Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құрметті консул

Құрметті консул

Қияндағы танымал қандастар
Беларусь Республикасында 1500 қазақ тұрады. Олардың арасында соғыс ардагері де бар. Ұлы Отан соғысынан кейін тұрақтап қалған қандастардан бөлек бизнеспен, ғылыммен айналысатын қандастар да кездеседі. Солардың бірі – Чермен Шоканов.
Ол Омбы облысында 3наурыз 1964 жылы туған. Минск авиациялық-техникалық училищесін, Я.Алкснис атындағы Рига жоғары әскери инженерлік-авиациялық училищесін бітірген.
Еңбек жолын Алматыда азаматтық авиация саласында авиатехник болып бастады. Онан кейін Қызыл тулы Беларусь әскери округінде 78620 әскери бөлімде жалғастырды. Рига жоғары әскери инженерлік-авиациялық училищесінің радиоэлектронды құрылғылар факультетінде инженер де болды. Ал, 1994 жылдан «Фрелиэйсэксим» компаниясының құрылтайшысы және бас директоры. Бұл компания теңіз, балық өнімдерімен айналысты. Және Минскідегі жылжымайтын мүлікке (офис, сауда орталықтарына) коммерциялық инвестиция салу ісін де қолға алды. Сондай-ақ Чермен  мейрамхана бизнесімен («Виноградъ» и «Піўняры»),  металл заттарын сатумен шұғылданды. «Ежедневник» интернет-пор­талының қорытындылауы бойынша ол Беларусь еліндегі 200 белді және ықпалды бизнесмендер қатарына кірді. 
Ол қаңтар 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Беларусь еліндегі Құрметті консул болып бекиді. Консулдық округке   Брест, Гроднен, Гомель, Витебск, Минск, Могилев обласы мен Минскінің орталығы қарайды.
Ал, 3 желтоқсан 2014 жылдан Ч. Шоқанов  қазақтардың «Атамекен» халықаралық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы болып сайланды.
Оның қоғамдық қызметінен бөлек рок-му­зы­кант екенін ел біледі. Чермен «Олег Спицын и Чер­мен» тобының белді мүшесі. Топтың екінші альбомы жарыққа шықты.  Ол «Опус 12» деп аталады.  
Минскіде заңғар жазушы Мұхтар Әуезов атындағы көше мен мектеп бар. Аталған мектепті қазақтың салт-дәстүріне қатысты түрлі экспонаттармен қамтамасыз етуде, сол секілді озат оқушыларды Нұр-Сұлтан қаласына апарып қыдыртуды, қазақтар өмірін терең білу мәселесін жүзеге асырып келеді.
Ал, Минскіде қазақ мәдениетін дәріптеуге арналған «Дала әуендері» мерекесін ұйымдастырады. Көшпелі халықтың тынысынан бастап, бай мұрасын көрсетуге, өнерін танытуға ден қояды.  Черменнің осындай сан-салалы жұмыстары  бар, жыл сайын ол жанданып келеді.
Әйелі Инесса Шоканова, 1968 жылы туған. Ол елші, доипломат және шетелдік өкілдердің Минскідегі халықаралық әйелдер клубының мүшесі.  Бір қыз, бір ұл өсіріп отыр. Қызы Диана Шоканова  ғалым, социологиялық ғылым кандидаты. Ұлы Георгий Беларусь мемлекеттік университетінің студенті.

Қ.Құрбан
14 наурыз 2020 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам