Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қарт майдангер жүз жасқа қадам басты

Қарт майдангер жүз жасқа қадам басты


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев соғыс және еңбек ардагері Бөрібай Құлмановтың үйіне барып, туған күнімен құттықтады.
Аймақ басшысы ардагер ақсақалға ұзақ ғұмыр тіледі.
Сондай-ақ, Б.Құлмановты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтап барды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ардагерге Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Өз кезегінде, Бөрібай Құлманұлы өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.
Б.Құлманов 1920 жылы туылған. Еңбек жолын қарапайым ауылшаруашылық саласынан бастады. Ұлы Отан соғысында Беларусь, Польша, Германия майдандарында соғысты. Соғыс аяқталған жылы Қытайда және Шығыс Түркістан Республикасында құпия миссия атқарды. Елге оралғаннан кейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасында қызметте болды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Қызылорда экспериментальды-механикалық жөндеу зауытында қызмет атқарды. Осындай ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендері және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
06 маусым 2019 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам