Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда карантинде жатқан азаматтарға айлық төлене ме?

Қазақстанда карантинде жатқан азаматтарға айлық төлене ме?

 Қазақстанда коронавиурс инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантинге жатқызылған азаматтарға айлық төлене ме? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Смағұлов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мейлі үйде немесе медициналық мекемеде болсын, карантинде жатқан барлық жұмысшыға уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы беріледі. Уақытша жарамсыздық бойынша еңбекақы заңнамаға сай беріледі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі төтенше жағдай кезінде (15 сәуірге дейін) жұмыс берушілердің бәріне әлеуметтік жауапкершілік танытып, жұмысшыларды уақытша қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыруға кеңес береді», - деді Ерлан Смағұлов елорда әкімдігінде өткен онлайн-форматтағы баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, технологиялық процестер мен өзге де себептерге байланысты жұмысшылар міндетті түрде жұмысқа келуі керек болса, жұмыс берушілер толық емес жұмыс күнін белгілеуі керек. «Яғни бұл бір күндегі жұмыс сағаты мен аптадағы жұмыс күнін азайтуға байланысты болып отыр. Жұмыс барысында жұмысшылар барлық қорғаныс жабдықтарымен қамтылып, денсаулық сақтау органдарының кеңесін ұстануы тиіс», - деді ол.


17 наурыз 2020 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 512 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам