Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАМАН КЕҢЕС БЕРЕДІ

МАМАН КЕҢЕС БЕРЕДІ

  Қымбатты оқырман, кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар көп. Соның ішінде жиі қозғалатын тақырып – салық мәселесі. Ол бойынша кеңес беруші кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Айзада Есенбаева.
Биылғы жылы салық кодексінде қандай да бір өзгерістер бар ма?
– Кәсіпкерлердің басым бөлігі салық режимінің арнайы салық режимін қолданады. Оның ішінде патент. Яғни, оңайлатылған деклорацияны пайдаланады. Биыл патентке өзгерістер енді.
Патенті бар кәсіпкер дегеніміз – бұл кәсіпкерлік формасында бір ғана адам. Кәсіпкердің өзі ғана жұмыс жасай алады, қосымша ешкімді ала алмайды. Патентті көбіне сауда орындарындағы, базардағы кәсіпкерлер, сондай-ақ, таксистер жиі қолданады. Сондай-ақ, ондай кәсіпкерлер үшін биылғы өзгеріс – әлеуметтік салық қысқартылды. Себебі, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қосылуына байланысты кәсіп иесінен әлеуметтік салық алынып тасталды. Бұл кісілер қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда бұрын жалпы табысынан 2 пайыз салық төлейтін. Сол екі пайыздың 1 пайызы табыс салығы, 1 пайызы әлеуметтік салық. Осы медициналық сақтандыруға байланысты оларға берілген жеңілдік әлеуметтік салық алынып тасталды. Бірақ, егер де кәсіпкерлер қолма-қол ақшамен жұмыс істеген жағдайда 2 пайыз жеке табыс салығын төлейді. Биылға жаңадан салық режимі қосылды. Бұл бойынша 50 адамға дейін қызметкер алуға болады және табысы 300 млн. теңгеге дейін болуы қажет.
Кәсіпкерлер үшін өте маңызды мәселе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты. Өткен жылы арнайы реформа болды. Бірақ, Елбасының тапсырмасы негізінде бағдарлама уақытша тоқтатылды. Осы мәселеге орай медициналық сақтандыру қорына қаржыны төлей беріледі ме, әлде тоқтатылды ма?
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 2017 жылы 1 шілдеде Заң күшіне енді. Содан бері кәсіпкерлер айына 2446 теңге, ең төменгі айлық көрсеткішінің екі еселенген 5 пайызын төлеп келген. 6 ай көлемінде кәсіпкерлер төледі.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытша тоқтатылды, 2020 жылға дейін. Тек айта кететін бір мәселе, кәсіпкерлер қарамағындағы жұмысшыларына 1,5 пайыздан төлеп отыруы тиіс.
Кеңесіңізге рақмет. Ісіңіз берекесі болсын!
                                                                                               Дайындаған: Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
26 наурыз 2018 ж. 1 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 074 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам