Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық көп балалы аналар Елбасына алғыс айтып, хат жолдады

Қызылордалық көп балалы аналар Елбасына алғыс айтып, хат жолдады

Қызылорда облысының Баламекен ауылының көп бала аналары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемді алаңдатқан коронавирус індеті кезінде халықтың аз қамтылған санаттарын қолдауды тапсырғаны үшін алғыстарын айтып, хат жолдады.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз, Қызылорда облысының аналары, соның ішінде Баламекен ауылының тұрғындары, көп балалы аналар Сізге шын ниеттен туған ақ тілегімізді арнаймыз!
Әлемді әлекке салған індеттің таралуынан халқымызды аман сақтап қалуға, ел болып жұмылуға шақырған Үндеуіңізді біздер қолдаймыз», – делінген аталған хатта.
Сырбойылық аналар одан әрі Елбасының «BizBirgemiz» бастамасын ыстық ықыласпен қабылдап, Тұңғыш Президенттің осынау қиын кезеңде баршаға үлгі көрсеткенін жеткізген.
«Жақсыдан – шарапат» деген осы болар, карантин уақытында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықтың аз қамтылған санаттарын қолдауға тапсырма бердіңіз. «BizBirgemiz» деп аталған бастамаңыз аясында тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға жасап отырған қолдауыңызды қызылордалық көп балалы аналар ыстық ықыласпен қабылдадық.
Қазіргі тығырықтан да, Сіз және Сіз бен біз болып сенім артқан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы және елдегі бірлігіміз арқылы елді аман алып шығатынымызға біз кәміл сенеміз,
Сізді Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, елімізге жарқын болашақ тілейміз!», – деген қызылордалық көп балалы аналар.
Айта кетейік, аталған ризашылық хатқа қызылордалық аналардың атынан 20-ға жуық Баламекен ауылының көп балалы аналары қол қойған.
22 наурыз 2020 ж. 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам