Қызылордалық волентер жастар тегін медициналық бетперделер таратты.
Қала әкімінің орынбасары М.Қазбекованың басшылығымен "Qosyl" Қалалық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған волонтерлік топ қала орталығындағы сауда орындарында және темір жол вокзалы, автовокзалда тегін медициналық бетперделер (маска) таратты. Бұл бетперделерді демеуші ретінде қаладағы "DALATEX" ЖШС-і ұсынған.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық талаптарды сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қала көшелері мен халық көп шоғырланатын орындарда арнайы жабдықталған автокөліктегі ДЫБЫС КҮШЕЙТКІШ ҚҰРАЛДАРЫ арқылы қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдай кезіндегі талаптар мен жауапкершіліктер туралы хабарландырулар жасады.
БАРША ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ТАРАЛУЫН АЛДЫН АЛУДА ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТЫП, ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!