Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда: Қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді

Қызылорда: Қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай Қызылордада құрылған қалалық жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы штаб өкілдері кәсіп иелерін жинап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда облыс орталығындағы халық көп жиналатын орындар, сауда үйлері мен базарлар, жолаушылар тасымалы, кинотеатрлар, мейрамханалар, компьютерлік ойын клубтары үнемі бақылауда болатыны айтылды.
- Қазір біздің өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты, коронавирус жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Бірақ, арқаны кеңге салуға болмайды. Сақтық шараларын барынша күшейткеніміз жөн. Қала тұрғындарына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында республикалық бірыңғай шұғыл желіден бөлек «Сенім телефоны» жұмыс істеп тұр, – қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Жалпы Қызылорда қаласында 12 базар, 60-тан аса сауда үйі, 180-ге жуық қоғамдық тамақтану орны, 1800-ден аса дүкен халыққа қызмет көрсетуде.
Кәсіпкерлерге осы нысандардың төтенше жағдай талаптары шеңберінде жұмыс істеуі қатаң қадағалатыны ескертілді.
17 наурыз 2020 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам