ШИЕЛІДЕ БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше. Баласын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жан - барлық мақтауға лайық. Бала бауыр етің, өмірдегі ең басты бақытың. Бала - өміріңнің жалғасы. Сондықтан, барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қазіргі таңда баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен маңызға ие. Сіздерді марапаттау мен үшін үлкен құрмет. Марапаттарыңыз құтты болсын!
Айта кетейік, Шиелі ауданы бойынша, 2447 батыр ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 1239 болса, ал «Күміс алқа» таққандардың саны – 1208.