Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мүгедектікті белгілеу медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай-ақ жүзеге асырылады

Мүгедектікті белгілеу медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай-ақ жүзеге асырылады

Төтенше жағдай кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай, «Мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай форматта алу тетігін әзірледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызмет «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін азамат қажетті құжаттардың сканерленген нұсқасымен қоса тиісті стандартқа сәйкес өтінішті толтыруы тиіс. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.
Бұдан әрі өтініш көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне жіберіледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілгеннен кейін оның нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға sms-хабарлама арқылы, «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетке немесе «Электрондық өтініш» сервисі арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберіледі.
Айта кету керек, төтенше жағдай кезеңінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне қайта куәландыруға келмеген азаматтарға өткізіп алған кезеңіне 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап мерзім белгіленетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі 250 мыңнан астам азаматқа оның ішінде алғаш рет 57 мыңға жуық азаматқа көрсетіледі, 2019 жылы 252 мың адам қызметті алды.
Бүгінгі күні Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңға жуық адам тұрады.
27 наурыз 2020 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам