Нұр-Сұлтандағы автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды
27 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда жолаушыларға автобустың алдыңғы есігінен кіруге тыйым салынады. Ал автобус жүргізушілерін лентамен бөліп қояды. Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды. Астана әкімдігінің есебі бойынша, қазір жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеудің үлесі 98%-ды құрап отыр.
26 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда автобустар сағат 19:00-ге дейін ғана жүретінін ескерте кетейік.