Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құрметті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары !

Құрметті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары !

Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясының таралып кетуінің алдын алу мақсатында бекітілген талаптар:
1) Қызылорда қаласының автовокзалы мен бей-берекетсіз ашылған автотұрақтар арқылы облысаралық, қалааралық, ауданаралық автобустар, микроавтобустар, таксилер т.б. автокөліктермен жолаушылар тасымалдау жұмысы арнайы ескертпеге дейін 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатуды;
2) Облыс орталығындағы саябақ, сауна мен массаж бөлмелері, бильярд, компьютер бөлмелері, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңы, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысан жұмыстары арнайы ескертпеге дейін 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатылсын;
3) Автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойхана, той салондары, банкет залдары және үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шара жұмыстары арнайы ескертпеге дейін 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатылсын (мейрамхана, дәмханалар мен өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін және бір жолғы адам саны 50-ге дейін шектеу);
4) Санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, супермаркет пен азық-түлік базарлары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, азық-түлік минимаркет, дүкендер сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар (сұлулық салон, ателье, химиялық тазартқыш, автомобиль майларын ауыстыру, вулканизация, көлік жуу бойынша қызмет көрсету орындары, ломбард) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сонымен қатар автокөлік және оның бөлшектерін, тұрмыстық-техника, сантехника сататын дүкендер, құрылыс базарлары т.б. азық-түлік емес заттар сататын орынның жұмыстары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге шектеу қоюды;
5) Әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, теміржол және автовокзалын, супермаркетті, базарды, қоғамдық көлік аялдамасын (күніне кемінде екі рет), жер үсті жүргіншілер өтпесінің таяныштарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді, банкомат, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып өңдеуді жүргізуді;
6) Темір жол және автовокзалға іргелес аумақтарды, автомобиль жолдарын және базар аумақтарын жуу заттарын қолдана отырып өңдеуді;
7) Көкөніс пен жемісті қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізуді;
8) Сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа қызметті ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қоданылатын қолғаппен (сатушы, аспазшы, даяшы, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсетуді.
Ескертпе: Құрметті қала кәсіпкерлері! Жалпы қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың жұмыс жасау кестесі мен режимінде өзгеріс болған жағдайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желі арқылы ақпараттандырылатын болады.

Қызылорда қаласының әкімдігі

30 наурыз 2020 ж. 984 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам