Қиындықты бірге еңсереміз
«Ең бастысы, шыдамдылық пен төзімділік және жауапкершілік танытайық» деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі телеарналар арқылы мәлімдемесінде. Қазіргі таңда елімізде күрделі кезең өтуде. Сондықтан да қиындықты бірге еңсеруге бүкіл ел азаматтары атсалысуы қажет.
Сонымен қатар, «Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар, олардың өз табысынан айрылмауы маңызды. Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде қосымша шешімдер қабылдадым» деді президент. Бұдан орта және шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетілетінен аңғаруға болады. Кәсіпкерлер осындай сәтте халыққа демеушілік жасауды міндеті деп санауы қажет.
Расында,экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар жасауға тиістіміз.
Ел басына ауыртпашылық түскенде қиындықты бірге еңсереміз. Біз бірге екендігімізді дәлелдейтін уақыт келді.
Қанатбек Абдуллаев,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы