Банкоматқа кезекке тұру қаншалықты қауіпсіз?
Карантиндегі қала тұрғындарымыз. Аты жаман кеселден сақтану үшін бəрі үйде отыр. Дегенмен, ас-су, қаражат керек. Əне-міне, зейнетақы алатын күн де келді.
Редакцияға қоңырау шалған тұрғындар "Банкомат алдында кезекке тұру қаншалықты қауіпсіз?"деп алаңдаулы күйде. Біз бұл сауалдың жауабын қаламыздағы жедел штаб өкілі, қала əкімі аппаратының бөлім басшысы Индира Ақжігітова былай деп жауап берді:
- Əрбір қозғалыс сайын банкомат пернетақталары, ұстаған заты, карточкы, бəрі түгел антисептикпен өңделіп тұру керек,- дейді Индира Ақжігітова