42500.enbek.kz сайты іске қосылды
Сайт арқылы жәрдемақы алудың алгоритмi
1. https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
2. «Жәрдемақы алу 42 500» таңдаңыз;
3. Өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форманы) толтырыңыз;
4. Нысан (форма) жіберiлiп, жүйе телефон нөмірін сұрайды;
6. Телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растайсыз;
7. Өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі