Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 161 мыңнан астам оқушы қашықтан оқытылады

Қызылордада 161 мыңнан астам оқушы қашықтан оқытылады

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен «Қашықтан оқытудың негізгі мәселелері» тақырыбында брифинг өткізілді. Онда облыс әкімінің орынбасары 6 сәуірден бастап оқушылар 4-ші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайтынын, бұл бағытта тиісті дайындық жұмыстары жүргізілгеніне назар аударды.
– Облыс бойынша 293 мектепте 161 779 оқушы білім алады. Мектептердің 78 пайызы ауылда орналасқан. Барлық педагог саны – 21 705 мұғалім. Оқушылардың электронды құрылғылармен (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон)  қамтамасыз етілуіне және интернетке (ұялы байланыс операторлары арқылы мобильді интернет) қосылуына мониторинг жүргізілді. Электронды құрылғылары жетіспейтн отбасыларына мектеп балансындағы компьютерлер уақытша пайдалануға берілді. Кашықтан оқыту Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес әдістер арқылы ұйымдастырылады. Алғашқысы бойынша «Бапапан» және «Еларна» телеарналары арқылы қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.  Бүгінгі күні  білім министрлігі тарапынан бейне сабақтар дайындалуда. Жалпы 3000 мыңнан аса сабақ көрсетіледі. Әр сабақтың ұзақтығы – 10 минут. Арнайы сабақ кестесі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат беттеріне  жарияланады, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Телеарналар арқылы оқыту форматына облыстағы 73 847 оқушы қамтылады. Бейне сабақтарды барлық облыс оқушылары қосымша пайдалануға болады. Министрлік тарапынан теле сабақтар интернетке жүктелетін болады.
– Екінші әдіс негізінде «Қазақ» радиосы арқылы оқыту.  Бейне сабақтардың аудио нұсқасы таратылатын болады. Бұны да балалар қосымша тыңдап, мағлұмат алады. Ал үшінші әдіс бойынша интернет арқылы оқу. Мұғалім өзіне ыңғайлы интернет платформаларды пайдаланады. Мысалы,  «Электронды күнделік»,«Дарын Онлайн» «Білімлэнд» интернет ресурстарында оқушылардың білім алуына қажетті контенттер жеткілікті. Онда бейне сабақтар, тестілеулер, әдістемелік нұсқамалар жүктелген. Пайдалану тегін. Бұл жерде мына мәселеге назар аударсақ,  қашықтан оқыту дегенді онлайн оқыту деп шатастырмауыз қажет. Қашықтан оқытуда мұғалім кері байланысты электронды почта, электронды күнделік, уатсап мессендежерін пайдаланады. Электронды күнделік журналын пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда әр мұғалім қағаз түріндегі журналды қолданады. Интернеті және ұялы байланысы жоқ елді мекендерде кері байланыс алдын ала дайындалған тапсырмалар үйлеріне санитарлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып жеткізілетін болады. Облыста бұндай елді мекендер саны 25-ті құрайды. Ондағы мектептерде  2 696 оқушы білім алады, – деді облыс әкімінің орынбасары.


04 сәуір 2020 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 044 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам