Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңақорған ауданаралық ауруханасының аға дәрігер-эпидемиологы Асқан Отарбеков: Мамандық таңдауға тағы бір мүмкіндік болса, тағы да дәрігер болар едім

Жаңақорған ауданаралық ауруханасының аға дәрігер-эпидемиологы Асқан Отарбеков: Мамандық таңдауға тағы бір мүмкіндік болса, тағы да дәрігер болар едім

Жер бетіндегі дүйім елдің тілегі бір. Аты жаман кеселдің шипасы табылса екен деп жаратқаннан тілеп, ақ халатты абзал жандарға үмітпен қарайды. Дәрігерлер тікесінен тік тұрып өмір мен өлім арпалысында қызмет етуде. Олардың дәл қазыр отбасы, үй жайын ойлауға мұршасы да жоқ. Күндіз-түні кеселмен күресуге барын салып жатыр. Өлшеусіз еңбек.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай қиын кезде ақ халатты дәрігерлердің еңбегі ерен екенін атап айтып, оларға қосымша үстемақы берілетінін айтты. «Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.
Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батыр­лары.
Сондықтан пандемияға қар­сы күрестің алдыңғы легінде жүр­гендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым.
Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстемақы төленеді.
Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.  Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», – деді мемлекет басшысы.
Сыр өңіріндегі күрделі ахуал кезінде кеселмен күресуге өз үлесін қосып жатқан ақ халатты абзал жандар аз емес. Әрбір секундты бағалай білетін дәрігерлердің еңбегін елге жеткізу үшін олармен телефон арқылы әңгімелесуге тырыстық. Қарбалас сәтте  ақпарат «жауынгерлерлері» арқылы сырбойылықтарға, отбасына сәлем жолдаған Жаңақорған ауданаралық ауруханасының жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы Асқан Отарбеков  тағы да мамандық таңдауға мүмкіндік берілсе, тағы да дәрігер мамандығын таңдайтынын айтты.
– Коронавирус індетінен сақтану шаралары жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанына қарамастан бұл індет Сыр өңірінен де сырт айналмады. Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында тіркелген жағдайларға байланысты денсаулық сақтау саласы қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Науқаспен қатынаста болғандарды мерзімінде оқшаулау шараларына жұмылдырылған жалпы тәжірибелік аймақ қызметкерлері уақытпен санаспай жұмыс жүргізуде. Азаматтарды дер кезінде оқшаулау жұмыстарыне жүргізуге атсалысып жүрген дәрігер, мейірбикелер еңбегі де ерен, – дейді дәрігер.
– Аурухана «екінші үйіңізге» айналғанына қанша уақыт болды?
– 29 наурыздан бері, яғни ауданда алғашқы науқас анықталған күннен бастап үйге барғаным жоқ. Үй ішіммен қолым қалт еткенде хабар алып тұрамын. Негізі, таңертең жұмысқа асыққан, жұмыстан кейін үйге қарай асыққанның нағыз бақыт екенін сезіне түстік. Ең бастысы, науқасқа шалдыққандар тезірек айығып, кеселден құтылсақ болды. Ел үміт артып отырған қиын сәтте бар қажыр-қайратымызбен еңбек етудеміз.
– Елге қандай сәлем жолдайсыз?
–Індеттің алдын алу барлығымызға үлкен жауапкершілік. Кеселдің алдын алуға үлшес қосам десеңіз, елдің амандығын ойласаңыз үйден шықпаңыз. Жиын-той, басқосуларға тыйым салынды. «Ештеңе етпес» деген немқұрайлылықты жеңе біліңіз. Бәріміз де бұл жағдайға сауатты түрде мән беріп, төтенше жағдай талабына, тәртіпке бағыныңыз. Бетперде киіп, қодды сәт сайын сабынмен жууды ұмытпаңыз. Амандықта жүздескенше!
– Уақыт бөлгеніңіз үшін сізге рахмет!
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
04 сәуір 2020 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам