Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дәрігерлер династиясы

Дәрігерлер династиясы

   Дәрігерлік – жауапты мамандық. Мұнда адам тағдыры тұрғандықтан ешқашан қателесуге болмайды. Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде өз саласының қыр-сырын толық меңгеруі тиіс. Сондықтан адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандыққа кездейсоқ кісі келмейді.  Осы ретте медицина саласында ұзақ жыл жемісті еңбек еткен Рүстем Садықұлының өнегелі істері қашанда халық құрметіне ие.
Ол биік беделге қалай жетті. Ақтөбе медицина институтын бітірген білікті маман алдымен еңбек жолын Жалағаш ауданы Калинин совхозында бастайды. Кейіннен «Бұқарбай батыр», «Таң», «Еңбек», «Жаңадария» елді мекендерінде халық денсаулығын жақсарту ісінде аянбай еңбек етті. Жұмысына деген жанкештілігі мен халыққа деген қамқорлығы емнің шипасын дарыта білді.  
Рүстем Садықұлы мал өсірумен айналысатын совхоздарда еңбек еткендіктен жайлау мен қыстау аралығын үзбей, дер кезінде дәрігерлік көмегін көрсетті.  Өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігі арқасында Бұқарбай батыр және Жаңадария елді мекендерінде аурухана ашып, қажеттімедициналық құралдармен жабдықтау үшін көп тер төкті.
Еңбек жолында бірнеше ауданның ауруханасында жұмыс атқарды. Атап айтар болсақ, 1985 жылға дейін Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, 1985-1999 жылдары бас дәрігер қызметін абыроймен атқарды. Және осы жылдар аралығында атқарған еңбегі зая кетпеді. Оның іскерлігі мен білімділігі, халыққа деген жанашырлығы елеусіз қалған жоқ. Майталман маман иесінің алған марапаттары мен таққан төсбелгілері ұзақ жылдар бойы жасаған жемісті еңбегінің айғағы. Ол дәрігерлік қызметімен қатар, қоғам өмірінде де елеулі  еңбек атқарды. Аудандық, облыстық мәслихат депутаты ретінде де халықтың тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында аянып қалмады. Оны ісімен дәлелдеді. Зейнеткерлік демалысқа шыққасын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне белсенді араласып, бірқатар маңызды мәселенің оңтайлы шешімін табуына да  атсалысты.
Қазіргі таңда, ол 6 баладан 16 немере, 4 шөбере сүйіп отырған қазыналы қария. Ардагердің жалғыз әттеген-айы зайыбы Күміскүл анамыздың қасында жоқтығы. Күміскүл анамыз да саналы ғұмырын денсаулық сақтау ісіне арнаған ақ халатты абзал жан еді.
Халқымызда «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген даналық сөз бар. Жастайынан ата-анасының халық денсаулығына қарап, науқастарға ем жасағандарын көріп өскен өскелең ұрпағы да солардай болғысы келді. Бүгінде үш баласы дәрігер, халыққа қалтқысыз жұмыс жасап жүр. Екі қызы ұстаздық жолды таңдаса, бір ұлы ветеринария мамандығын меңгерген. Бір қызығы, әулетке түскен екі келін де дәрігер деген ардақты атқа дақ түсірмей жүрген мәртебелі маман иелері.
– Біздің отбасымыз - дәрігерлер династиясы. Әкеміздің барлық дерлік немерелері медицина саласын таңдаған. Бұл да бір қамқор әкеміздің ұрпағына деген сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес. Әкеміз ылғи да бізге адал жолмен еңбек етуді, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды, бақыт байлықпен емес адамдардың бір-біріне деген мейірімімен өлшенетіндігін үйретіп келді. Әкеміз қазіргі таңға дейін біздер үшін парасаттылық пен даналықтың, мейірімділік пен қамқорлықтың, имандылық пен адалдықтың озық үлгісі болып келеді,– дейді қызы Жанат бізбен әңгімесінде.  
Ұрпағына үлгі болған ардақты ардагердің өнегелі өмірі сарқылмас қазына. Бейбіт күннің бақытты сәтінде балаларын абыройлы тұлға, білікті дәрігер дәрежесіне жеткізген жанның көңіл шуағы шартарапқа шұғыласын шашып келеді.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
14 наурыз 2020 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам