Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тышқан жылғы тіршілік

Тышқан жылғы тіршілік

Ұқсамасаң тумағыр дейтін еді, дәл сол сөздің расқа айналғанын қарашы. Жұлдызға қарап жорамал жасаушылар шамалы шатасты, тышқан жылы табысты жыл болады деп болжады. Ырымшыл халықпыз ғой, ынтыға беріліп, соған сендік. Ал бүгінгі жағдай мүлдем басқаша.
Қазір тышқан тірлікке көштік. Коронавирустың кесірінен үйге қамалып отырғанымыз – тышқанның інге тығылғанымен бірдей. Қарынның қамымен дүкенге барғанымыз да тышқанның тамақ іздегенінен аумайды. Тынысы тар інге сыймай тырбаңдаған тышқанның балалары түн тылсымында ойнақтап шығады. Үйдегі жағдай да құдды сондай. Мектеп тоқтағалы бала біткен үйді көшіріп жіберудің алдында тұр. Мұғалімді кінәлағыш кісілер іштен тынып жатқан шығар. Өкпешіл өмір-ай десеңші!
Туасы жөткерініп, түшкіріп, дене қызуы көтерілген тышқанды кім көрді дейсің. Сол сергек кеміргіштің күйлі күйі адамға қазір ауадай керек. Біздің бүгінгі алаңдаулы ахуал ауыздақталып, бейғам тіршілік басталса екен...

Қ.Құрбан
06 сәуір 2020 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 436 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам