Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тышқан жайлы не білеміз?

Тышқан жайлы не білеміз?

   Жыл мен жылдың тоғысатын уақыты жақын қалды. Жаңа тышқан жылы да есік қағып кіргелі тұр. Алдағы күнге үлкен үміт артамыз.  Қазақы ұғымда тышқан жыл басы саналады. Бұл жөнінде ел арасында айтылатын аңыз да бар. Халқымыз тышқан жылы құтты деп санаған. Береке мен ырыс, татулық пен тыныштықты көбіне тышқанға тән деп таныған екен.
Әдетте халқымыз тышқанды көп жақтыра бермейді. Десе де ол жайында көп біле бермейді екенбіз. Сырт пішіні небәрі 10 сантиметр ғана болатын тышқан – кеміргіштер тобына жатады. Әрі көп таралған. Жер бетінде олардың 400-ден астам түрі кездеседі. Кез келген жағдайда айналасына бағдар жасай алады. Жүрген жолын есте сақтап қалатын қасиеті де бар екен.
– Тышқан ұсақ кеміргіштер отрядына жатады. Зерттеулерде негізгі мекені Азия деп көрсетіледі. Дегенмен оларды әлемнің барлық жерінен кездестіруге болады. Бізге көбіне үй тышқандары жақсы таныс. Түр-тұрпаты шағын, олардың жабайы түрлері де бар. Тез жетіледі, жылына 10 рет балалайды. Әрбірінде 5-6 кішкентай тышқанды өмірге әкеле алады. Күн-түн демей тіршілік етеді. Олар түнгі мезгілде мұрты арқылы жол табады. Ал, негізінен дәнді дақыл, тамақ қалдығы, өсімдік тамыры, жидек және басқа да ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Әсіресе, тәтті өнімдерді жақсы көреді, – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Байкенжеева.
          Көпшілігіміз мультфильмдерде олардың ірімшік жақсы көретінін білеміз. Ал шындығында олардың сүйікті асы нан екен. Мұны кеміргіштерге зерттеу жүргізген британдық ғалымдар мәлімдеген. Басты ерекшелігі адам ағзасымен сәйкес келетін көрінеді. Егер оларды үлкейтетіндей жағдай туса, біршама ұқсастықты аңғаруға болады-мыс.
          Бүгінде үйде тышқан тұқымдасы саналатын атжалманды асырайтындар бар. Негізінен ол – дала жануары, сондықтан оған жасалған күтім кері әсерін беруі мүмкін. Себебі, оны асыраушылардың көбісі атжалманның үйренісе алмайтынын айтады.
          Тышқан жануары қандай сипатқа ие болса да, жаңа жылдан тек жақсылық күтетініміз анық. Бастысы, тыныштыққа, молшылыққа, берекеге толы жыл болсын дейміз. Айтпақшы, сан арқылы әр жылдың бүге-шүгесіне дейін зерттейтін нумерологтар бұл жылы еңбек еткендердің елеусіз қалмайтынын айтады. Сондай-ақ, елімізде денсаулық саласы жақсарып, баспана мәселесі де шешімін таппақ. Бұдан өзге бірқатар салада жақсы өзгерістер байқалады-мыс.
Әзірлеген Айдана Әлім
31 желтоқсан 2019 ж. 3 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам