Дағыстан басшысы – қазақтың ұлы
Дағыстан Республикасының басшысы Влади́мир Әбдіуәлиұлы Васи́льевті ел орыс деп ойлайды. Бұл мүлдем олай емес. Ол – қазақ. Әкесі Али (Әбдіуәли) Асанбайұлы Асанбаев педагог болған кісі. Ал, анасы Надежда Ивановна Васильева бала бақшада тәрбиеші қызметін атқарған.
Владимир да өзінің қазақ екенін жасырмайды. Мұны естелігінде өзі тарқатып айтып берген.
–Өзгені жасырғанмен, өзіңді, ұлтыңды жасыру жасандылық қасиет. Мәселен менің әкем қазақ, шешем орыс қызы. Әкемнің отанында тұрған жоқпыз, мен Мәскеу маңында өстім. Негізгі есімім – Алик, тегім – Асанбаев.
Анам Клин ауданынан. Загор подагогикалық техникумын аяқтап, үлкен әпкесінің кеңесімен Қазақстанға өндірістік тәжірибеден өтуге аттанады. Сол жақта әкеммен танысады. Ол кезде әкем Әбдіуәли мектеп директоры екен. Екеуі қосылып, үш перзент сүйді. Бірақ отбасындағы түсінбеушілік салдарынан анам Ресейге қайтып оралды. Әкем өз отанында қалды. Ол бізге анда-санда келіп, үш ұлы барын ешқашан ұмытпады. Мен екінші сыныпта оқып жүргенде әкем өмірден өтті. Оны анам мен үлкен ағам Юрий жерледі. Юрий Ташкентте заң факультетінде оқитын, әкемнің қазасынан кейін оқуды тастап, әскери академияға ауысты. Қазақстанда туыс баршылық. Алайда әкемнің көзі кеткесін және анамның көшіп кетуіне байланысты арамыз үзіліп қалды. Дегенмен ол жақтағы достарым туыстан да көп.
Біз шешемізбен Голышкино қыстағында тұрдық. Айналамдағы балалардың есімі Володя, Саша, Коля болып келетін. Бірақ маған оншалықты кері әсер тигізген жоқ. Тек Голышкиноның қазағы дейтін. Қазіргі тегімді төлқұжат алар алдында өзгерттім. Анаммен ақылдаса келе шешемнің тегіне өтіп, әкемнің есімінін сол күйі қалдыруды шештім, – деді қандас.
Ол 11 тамыз 1949 жылы Мәскеу облысы, Клин ауданында туған. Высоковск орта мектебін бітіріп, Мәскеу ғылыми зерттеу институтында жұмысшы болды. Аликті ағалары Юрий и Станиславпен бірге атасы қараған, оның бай кітапханасы әдебиетті сүюге, болашақ білімге деген ұмтылыс жасауға тәрбиеледі.
Әскери борышын өтеген бойда 1972 КСРО ІІМ қарасты Мәскеу арнайы милиция мектебінде оқыды. Онан соң бүкілодақтық заң институтында сырттай білім алды. Осында оқып жүріп, ғылыми ізденіс жүргізіп, дисертация қорғады. Бүгінде заң ғылымдарының кандидаты. Алик сол кездегі ең жоғары саналатын КСРО ІІМ академиясын 1991 жылы аяқтады.
1972 жылдан құқық қорғау саласында қызмет істеді. Қызметтік қадамы РСФСР ІІМ ұйымдастыру қызметі басқармасында бас инспектор, Ресей ІІМ штабы бас инспекциясында бас инспектор, басшы орынбасары, Мәскеу қалалық ІІБ басшысының бірінші орынбасары секілді бірнеше басшылық баспалдақтан өтті. 25 сәуір 1997 жылы Ресей Президенті Б.Ельциннің Жарлығымен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына тағайындалды. Негізінен ұйымдасқан қылмысқа қарсы бас басқарманы басқарды. 1999 жылы Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, 2001 жылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымын атқарды.
Ол мемлекеттік және саяси қайраткер. Ресей Федерациясы мемлекеттік Думасының IV-VII шақырылым депутаты, мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары, «Единая Россия» партиясының фракция жетекшісі болды. Шені генерал-полковник. Ресей Федерациясының еңбегі сіңген заңгері.
Ресей Президенті В.Путиннің Жарлығына сәйкес және Дағыстан Республикасының халықтық жиын ұсынысымен Дагестан елінің басшысы. Оны басшылығымен елдегі сыбайластық пен жемқорлыққа байланысты көптеген лауазым иесі жауапқа тартылды, қызметтен босады. Аликтің марапаты аз емес, төрт орден, бірнеше медаль иегері.
Әйелі Людмила Дмитриевна экономист. Юлия есімді қызы, екі немеренің атасы.
Жалпы, ол өзінің қазақ екенін дәріптеп жүреді. Және әкесін жиі еске алады. Бұл қан да бар қасиет ғой.
Қ.Құрбан.