Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Гүлшара Әбдіқалықова аппарат отырысын өткізді

Гүлшара Әбдіқалықова аппарат отырысын өткізді

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға қала және аудан әкімдері селекторлық байланыс арқылы қатысты. Жиын басталмас бұрын аймақ басшысы жаңадан тағайындалған орынбасарларын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Сүлейменов Серік Жүсіпұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары ретінде С. Сүлейменов құрылыс, энергетика, тұрғын үй және көліктік инфрақұрылымды дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Ахмет Серік Әбжәліұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары ретінде С. Ахмет аймақтың ішкі саясат, жастар мәселесі, мәдениет пен спорт және жұмылдыру дайындығы салаларына жетекшілік етіп, облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырып, коронавирус індетіне қарсы штаб төрағасының орынбасары, облыстағы қалыптасқан төтенше жағдайлардағы жұмыстарды үйлестіретін болады.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Жаханов Бахыт Дүйсенұлы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария, индустриалды-инновациялық даму, кәсіпкерлік және туризмді дамыту салаларына жауапты болады.
Ал, облыс әкімінің орынбасары Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы білім, денсаулық, жұмыспен қамту және еңбек саласындағы бақылау салаларына жетекшілік етеді.
Отырыстың күн тәртібінде Мемлекет басшысының жұмыссыз жастарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында тиісті жалақы төлей отырып, оларды су тасқынына қарсы іс-қимылдарға, көктемгі егінге, құрылысқа және басқа да жұмыстарға тарту туралы тапсырмасының аймақта орындалу барысы баяндалды. Бұл бағыт бойынша өңірге 37 млрд. теңге қаржы бөлінуде. Қандай шаралар атқарылатыны турасында облыс әкімнің орынбасары Бақыт Жаханов баяндады.
Сонымен қатар, жиында аймақта корнавирус індетімен күрес, азық-түлік бағалары және жергілікті жердегі қоғамдық-саяси ахуал талқыланды. Жауапты сала басшылары Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері аймақ басшысына атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала мен аудан әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
06 сәуір 2020 ж. 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам