Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр күріші сыртқа экспортталады

Сыр күріші сыртқа экспортталады

Қазіргі таңда коронавирус індетіне байланысты елімізде күрделі кезең өтуде. Тұтас бірлігі жарасқан ел ретінде аталған қиындықты бірге еңсеруге тиістіміз. Әлем елдері де осы індеттен аман-есен шығудың ізгі амалдарын қарастыруда. Қай кезде де халықтың жағдайы маңызды. Сондықтан да уақытша қиындықпен күресуге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше ден қойды. Түрлі салалар бойынша туындайтын мәселелерді шешу мақсатында қазақ еліне мәлімдеме жасады. Онда еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараға байланысты көптеген жеңілдікті алға тартты.
Әлем елдері коронавирус пандемиясы кезінде азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін сыртқа тауар шығаруға тыйым салғанынан хабардармыз. Мұндай шек қойған елдердің арасында Қазақстан да бар. Яғни, Еуразиялық экономикалық комиссия дүние жүзінде жарияланған пандемияға орай бірқатар азық-түлік түрін осы жылдың 30 маусымына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге елге шығаруға тыйым салды. Осыған сәйкес, елімізден ұн, сәбіз, қант, картоп сияқты азық-түлік өнімдері экспортталмайды. Оның ішінде күріш те бар. Мұндай шара еліміздің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. Дегенмен, бұл жаңалық қызылордалық диқандар үшін айтарлықтай проблемаға айналды. Себебі жүздеген мың адамның айлығы, ризығы соған тікелей байланысты еді. Сондықтан да Сыр күрішшілері Кәсіпкерлер палатасына келіп, көмек сұраған. Ал, оның жауабы қандай болды? Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасына хабарласқан едік. Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мәселе оңды шешімін тапқан.
Расында, бұрын-соңды болмаған күрделі жағдай халықты есеңгіретіп тастады. Әсіресе, шағын және орта бизнес жұмыстары тоқтап қалды. Мемлекет өз тарапынан халыққа қол үшін беруге, кәсіпкерлерді қолдауға, індеттің алдын-алуға тиісті жұмыстарды қабылдап жатыр. Мәселен, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да атсалысуда.
– Біздің облыста сауда орталықтарының қоймаларындағы күріштің қоры 3 мың тонна шамасында. Мұнан өзге ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қоймасындағы ақталмаған күріштің көлемі 190 мың тонна, яғни 90 мың ақталған күріш бар деп айта аламыз. Мұндай қормен ішкі нарықты толық, тіпті артығымен қамти аламыз. Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері осы жылдың күз мезгіліне дейін үшінші елдерге экспортқа күріш жеткізіп беру үшін алдын ала ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойып қойған. Бұл саладағы кәсіпкерлеріміздің негізгі табысы экспортқа тәуелді. Сондықтан да біз «Атамекеннің» орталық аппаратына ұсыныс жібердік. Өз кезегінде Орталық аппарат шұғыл тиісті министрліктерге шығып, кәсіпкерлердің проблемасын жеткізді. Нәтижесінде, қазақстандық күріш экспортқа кедергісіз шығатын болды, – дейді Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.
Одан бөлек, Президент мәлімдемесінде көрсетілгендей, оларды салықтан босату шарасы да дер кезінде қолға алынады. «Үкімет елі¬міз үшін маңызды импорт тауар¬ларына салынатын баж салығын алып тастау мәселесіне қатысты Еуразия экономикалық одағындағы серіктестерімізбен жұмыс жүргізуде. Жеке қорғаныс құралдары, өндіріске қажетті шикізат, вакциналар мен диагностикаға арналған құрал-жабдықтар жөнінде тиісті шешім қабылданды. Өз елімізде жеткілікті емес азық-түлік тауарларына салынатын импорттық баж салығын төмендету бойынша жұмыс жал-ғасуда. Үкімет отандық бизнестің сұраныстарын ескеріп, аталған жұмысты жеделдеткені жөн, – деген болатын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сың өңірінің бренді саналатын күрішті экспорттаумен облысымыздағы «Абай-Дәулет» ЖШС-і айналысады. – Әлемдік індетке байланысты азық-түлік экспорты тоқтайды дегенді естігенде қобалжу болғаны рас. Кейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы дер кеөзінде қолдау беретіндерін жеткізді. Бұл Сыр халқына үлкен демеу екені рас. Соны түсінген кәсіпкерлер палатасы дер кезінде тиісті, құзырлы орындарға шығып, хабарласып ол бұйрықтың күшін жоюға үлкен көмегін тигізді. Президент мәлімдемесіне сәйкес, бизнес өкілі ретінде тұрақты бағаны ұстап тұру, жұмыспен қамту және және де өзгеде міндеттерді толық орындауға дайынбыз, – дейді «Абай-Дәулет» ЖШС директорының орынбасары Марат Сәрсенбаев.
Расында, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыс жасайтын уақыт келді. Мүмкін бұл да сынақ шығар. Дегенмен, ел бірлігі осындайда білінуі қажет. Мемлекет тарапынан мол мүмкіндікке ие болып отырған кәсіпкерлерде жұмысшыға қол көмек көрсеткен жөн. Қысылтаяң шақта шыдамдылық танытып бірге үлкен індетті жеңген жөн. Сонда ғана елдің бірлігі, ынтымағы жараса түседі. Ел басына күн туған шақта бірлігімізді танытайық. Біз біргеміз, біз жеңеміз.

Айтолқын АЙТЖАНОВА
07 сәуір 2020 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 436 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам