ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛУЫ ӨТТІ

«Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ли Минг жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндады.
- Бүгінгі жүзеге асып отырған бірлескен жоба - Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының бірден-бір мысалы. Зауыттың негізгі өнімі - тампонажды цементтің 30 пайызы ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталатын болады. Жоба құны 64 миллиард теңгені құрайды, - деді Ли Минг мырза.
Мемлекет Басшысы кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.