Қала тұрғындарының назарына! Карантинде көшеде жүру тәртібі өзгерді
Қызылорда облысында індеттің белең алуына орай, жаңа қаулы қабылданды. Тұрғындар мына өзгерістерден хабардар болуы керек:
- Кешкі 21.00 ден таңғы 06.00 ге дейін қалада жүруге тыйым салынды
- Азық-түлік дүкендері, сауда үйлері 10.00 ден 18.00 ге дейін жұмыс жасайды
- «Ақмешіт — Мерей» , «Шанхай», «Аспалы көпір» , «Тасбөгет» кенттерінің тұрғындары патрульдік полицияның қадағалауымен ғана қала аумағына кіре алады. Сонда әр үйден бір адам қажеттілікпен ғана шыға алады.
- Дәріханалардың жұмысына шектеу жоқ
- 55 жастан асқан тұрғындар мен жасөспірімдерге көшеде жүруге тыйым салынады
- Қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 20.00-ге дейін күшейтілген дезинфекциялық жұмыстар арқылы жүре алады
- Тұрғындар көшеде енді бетпердесіз жүре алмайды
Облыстың бас санитары қабылдаған жаңа қаулы 7 сәуірден 21-ші сәуірге дейін ұзартылды.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов және сала басшылары мәлімдеді.