Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды

Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева өзінің Facebook парақшасында жазды.
Вице-минстрдің жазуынша, жүкті әйел 2020 жылдың 8 сәуірі күні келіп түскен. Оның босанатын уақыты жеткен және оған жедел-респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылған. Оның денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градус қа дейін көтерілген.
COVID-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның науқас екені анықталған. Әйел баласын аман-есен босанған.
Нәрестенің салмағы 2970,0 гр, бойы 51 см. Баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестеден де COVID-19 вирусына анализ алынды. Әйелді COVID-19 вирусынан толық емдеп шығару үшін инфекциялық стационарға жатқызылған.
Айта кетейік, кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланған. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге алынған.
«Қызылорда облыстық перинатальдық орталығы кезекші бригадасының құрамы мыналар: Ақбота Қоңқабаева – акушер-гинеколог, Әйгерім Еңсепбаева – акушер, Меруерт Аққайырова – неонатолог, Айгүл Тұрғанбаева – балалар медбикесі. Олар – күн сайын қиындыққа қарамастан өз міндеттерін атқарып жүрген біздің заманымыздың батырлары, – деп жазған вице-министр.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 104 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

10 сәуір 2020 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам