Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қой, сиыр, жылқы еті қымбаттады - статистика

Қой, сиыр, жылқы еті қымбаттады - статистика

Наурыз айында қой, сиыр, жылқы еті қымбаттады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылғы наурызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 2, өсімдік шаруашылығы өнімі 2,6 пайызға қымбаттады. Ал мал шаруашылығы өніміне баға өзгерген жоқ», - делінген комитет ақпаратында. Ведомство мәліметінше, осы жылғы қаңтар-наурызда баға қарақұмыққа - 15, бидайға - 3, жүгеріге - 0,9, қара бидайға - 0,5, арпаға - 0,3, күрішке - 0,2 пайыз өсіп, тарыға 0,2, сұлыға 0,1 пайыз төмендеді. Картоп - 2, асханалық сәбіз - 1,8, басты пияз - 0,5, қырыққабат 0,2 пайыз қымбаттады. Асханалық қызылша 0,2 пайыз арзандады. Баға кептірілген бұршаққа - 4,5, кептірілген жасымыққа - 2, күнбағыс тұқымына 1,3 п пайыз өсті. Ал соя бұршағына 0,3 пайыз төмендеді. Баға құс етіне - 3, шошқа етіне 0,4 пайыз төмендеді, ал қой етіне - 2,3, ірі қара мал етіне - 2, жылқы етіне 1,5 пайыз өсті. Шикі сүт - 3,6, бал 2,1 пайыз қымбаттап, жұмыртқа 5,3 пайыз арзандады.

10 сәуір 2020 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам