ЕЛІМІЗДЕ ЕТ ҚЫМБАТТАДЫ
Қазақстанда ет қымбаттады деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статитика мәліметіне сүйеніп.
2017 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда ірі қара мал етінің бағасы 3,4 пайызға көтерілген. Жылқы еті 2,7 пайызға қымбаттаған. Қой мен шошқа етінің бағасы 1,7 пайызға артты. Ал құс еті 9,5 пайызға арзандады.
Сонымен қатар, жұмыртқа арзандады - 12,3 пайызға. Сүт 1,2 пайызға, бал 0,5 пайызға қымбаттады.
Сондай-ақ, көкөніс қымбаттады. Қырыққабат - 1,8, қызылша 0,5 пайызға қымбаттады, ал картоп - 8,3, пияз - 5,4, сәбіз - 5, қызанақ - 4,9, қияр 2,4 пайызға арзандады.
Бақша дақылдары 6,3 пайызға қымбаттаған, жүзім - 5,8, күнбағыс тұқымы 2,2 пайызға қымбаттап, жеміс-жидек 9 пайызға арзандады.
Еске сала кетейік, қыркүйекте қанттың қымбаттағаны хабарланған еді. Алматының бірнеше базарында қант келісінің бағасы 250-ден 280 теңгеге дейін көтерілді.
Дереккөз: Tengrinews.kz