Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Карантиндегі жұлдыз: Толқын Забирова онлайн концерт береді

Карантиндегі жұлдыз: Толқын Забирова онлайн концерт береді

Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Қазақстан жұртшылығы Толқын Забированың онлайн концертін тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын мұнан өзге де онлайн жобалар бар. Атап айтар болсақ, «таңғы жаттығу жоба аясында бүгін қазақстандықтар Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділовпен бірге таңғы сағат 08:00-де жаттығу жасады. 
Ал «Халық қазынасы: бір туынды тарихы» жобасы аясында сағат 8-30-да ҚР мәдениет қайраткері Абдулхамит Райымбергенов Тұраш Әбуовтің «Қазақстан комсомолы» күйінің, сағат 16:30-да халықаралық және республикалық байқаулардың лаураты Күнқожа Қайролла Наурызбай жыраудың «Әуелі сөзді сөйлейін» термесінің, сағат 22:00-де ҚР мәдениет қайраткері Төлепберген Тоғжанов «Көшпенділер» авторлық күйінің шығу тарихы жайында ой қозғайды. 
Сағат 12:00-де «Қазақконцерт» МҚМ директорының орынбасары Серік Нұрмолдаев «Этникалық мәдениетті продюсерлеу ерекшеліктері», 17-00-де ҚР Ұлттық кітапханасының жауапты хатшысы Болат Жүнісбеков «Абай сәулесі» - қазаққа емес, қараңғылыққа қапалы» тақырыбында онлайн дәріс оқиды. 
Сонымен қатар сағат 14:00-де Айтжан Алдабеков таэквондадан шеберлік сабағын өткізсе, 18:00-де автоспорт бойынша ҚР спорт шебері Денис Аксенов сұхбат береді. Онлайн театр жобасы аясында «Астана Опера» театры «Дон Карлос» монументалды операсының көрсетілімін ұсынады. 
Ал «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында кешкі сағат 21:00-де Толқын Забирова ән салады.
12 сәуір 2020 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 060 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам