Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық дәрігерлер қонақүйге орналастырылып, 3 мезгіл тамақпен қамтылды

Қызылордалық дәрігерлер қонақүйге орналастырылып, 3 мезгіл тамақпен қамтылды

Қызылордалық кәсіпкер коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді жекеменшік қонақүйіне орналастырды. Осылайша, ол бүгінгі күннің батырларына деген құрметін көрсетті. Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамақтары беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.
"Індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге және орта, кіші буын қызметкерлерінің барлығына қолайлы жағдай жасалған. Індетпен күресуге атсалысып жатқан медицина мамандарының барлығы ыстық тамақ, жатын орын, қажетті жеке бас гигиенасы заттарымен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін олар үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен қонақ үйге барып тұрақтайды",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам қызметкер орналастырылған. Оларға көпбейінді облыстық аурухананың 7 маманы қызмет көрсетеді. Тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, індетпен күресушілердің дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізеді.



13 сәуір 2020 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам