Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Заңдағы өзгеріс жүктемені азайтты

Заңдағы өзгеріс жүктемені азайтты

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы сөзімізге дәлел. Соған сай, жекелеген даусыз талаптар сотқа дейін нотариустар атқарушылық жазбасын алу жолымен реттеледі.
Ал, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сай, тапсырыс берушінің әрекеттеріне шағым жасау бойынша даудың сотқа дейінгі реттеу бөлігіне өзгеріс енді. Егер, бұрын өнім беруші тапсырыс берушінің әрекеттеріне дау айту үшін тікелей сотқа жүгінсе, бүгінгі таңда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен өкілетті органға жүгіне алады.
Аталған заң өзгерістері мен толықтыруларының  сот тәжірибесінде қолданып, біршама сот жүйесін жақсартты. Яғни, «Мінсіз судья», «Үлгілі сот»,  «Әділ процесс», «Е-Сот», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» секілді жеті топқа біріктірілген мақсатты басымдықтар мен оны іске асыру жұмыстары сот саласын дамытуға өз үлесін қосуда. «Сапалы нәтиже» басымдық жобасы аясында, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысында көрсетілген құрылымдық, пішіндік және мазмұндық талаптарға сай келетін сот актілері қабылдануда. Сондай-ақ, «Smart сот» жобасының шегінде мобильді бейне-конференц байланыс қосымшалары арқылы сот отырыстарына қатысу жолымен сот төрелігіне кедергісіз және қолайлы қол жеткізу қамтамасыз етілген. Азаматтық істерді қашықтан қарау сот отырысын кейінгі қалдыру санының азаюына алып келеді, сондай-ақ сот мәртебесіне оң әсерін тигізді.
Барлық қолжетімді ақпарат көздерінде «Сот кабинеті» бағдарламасымен жұмыс және мобильдік бейне-конференц байланысты орнату және қолдану туралы сотпен түсірілген бейнеролик көрсетілуде.  Сонымен бірге, «Үлгілі сот» басымдық жобасын іске асыру аясында, фронт-кеңсе құрылды. Мұнда медиаторлар, адвокаттарға арналған бөлімше жасақталған. Іші «кедергісіз қағидат» бойынша көзге жайлы жасыл-ақ түстегі хай-тек стилінде безендірілген. Бұлайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі
А.Кайбалдиева
12 сәуір 2020 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам