Н.Байқадамов: "Бұл - сырбойылық дәрігерлердің жеңісі"

- Сырқаттың мұндай түрімен күресуде тәжірибесі болмаса да, олар сыр бермей, мүмкіндіктерін дәлелдеді. Науқас алдағы екі апта бойы аймақтық емхананың бақылауында болады. Басқа емделушілерге де осы кісінің жолын берсін, - деді ол.
Айта кетейік, соңғы дерек бойынша облыста 119 адам ауруға шалдықты. Оның ішінде Шиелі, Сырдария және Жаңақорған ауданы тұрғындарының үлесі басым.