Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов: Соңғы тәулікке жағдай тіркелген жоқ

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов: Соңғы тәулікке жағдай тіркелген жоқ

Жақсы жаңалық! Бүгін брифинг берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов аймақта соңғы тәулікте короновирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмегенін айтты.
Бүгінгі күнге дейін облысымызда тіркелгендер саны – 119. Оның ішінде Қызылорда қаласы – 12, Жаңақорған ауданы – 18, Шиелі – 57, Қазалыда –1 жағдай. «Бүгінде бұл науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, емдік хаттамаға сәйкес емдері жалғасуда» деді бас дәрігер.
Брифингте бас дәрігер облыста дертінен айыққан алғашқы науқастың жағдайын атап өтті. «Сәуірдің 13-күні облыс бойынша алғашқы науқас стационардан шығарылып, әрі қарай үй жағдайында 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады. 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады» деді.
Облыс бойынша коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған 1489 азамат, оның 828-і тікелей қарым-қатынаста, 661 азамат жанама қарым-қатынаста болғандар. Бүгінде инфекциялық стационарға 118, провизорлық стационарға -43, карантиндік стационарға – 512, барлығы 673 азамат жіті бақылауда екені атап айтылды.

«Ақмешіт ақпарат»
14 сәуір 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам