Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 14 сәуірден бастап қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды

Қызылордада 14 сәуірден бастап қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды

  Қызылордада 14 сәуірден бастап қоғамдық көлік қозғалысына толық тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл шара облыс орталығындағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделі болуына байланысты қабылданып отыр. Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 119 науқас бар. Оның ішінде 12 адам облыс орталығында тұрады. «Аталған мақсатта арнайы қабылданған қаулы бар. Соған сәйкес тиісті шешім қабылданды. Енді 14 сәуірден бастап қоғамдық көлік қозғалысына толық тыйым салып отырмыз. Қаулыда мемлекеттік ұйымдар, барлық мекемелер және кәсіпкерлік орындары қашықтан жұмыс істеу жүйесінде қызмет атқару қажеттігі көрсетілген. Ол мекемелер орналасқан ғимаратта қызмет жасайтын мамандар саны қысқарады. Сондықтан барлық жұмыс беруші өз қызметкерлерін мекеме көлігімен тасымалдауға мән бергені жөн», - деді Қызылорда қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жанар Жетілгенова. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігі үшін қолға алынып отырғанын жеткізді. «Аталған шешімді тектен текке қабылдап отырған жоқпыз. Қауіпті дерттің әрі қарай тарамауына тосқауыл қою мақсатында қолға алынды. Облыс орталығында адамдардың жүріп-тұруын азайту арқылы дерттің бетін қайтаруға әбден болады», - деді Б.Нұридинов.

14 сәуір 2020 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 209 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам