90000-ға жуық Қызылордалық 42500 теңге алды
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты табысынан айрылған облысымыздың 89018 тұрғыны 42500 теңгелік төлемді алды.
14 сәуір сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының базасына 42500 теңге алу үшін барлығы 118949 өтініш түскен. Соның ішінде 89018 өтініш қаралып, автоматты түрде төлем жүргізілді. Сонымен қоса, 30000 мыңға жуық азаматтың құжаттары дайындалып, автоматты түрде төлемдерді төлеуге жолдануда.
Айта кетейік, азаматтардың жеке мәліметтерін тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. МӘСҚ-та төлемжасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарламакеледі. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстықфилиалынажіберіледі. Мемлекеттік корпорация оны екінші деңгейдегі банктерге төлемжүргізу үшін жібереді. Әлеуметтік төлемалуға өтінімдіe Gov порталы, 42500.enbek.kz вебсайты жәнеTelegram-бот арқылы онлайн түрде өтінішті жолдауға болады.
Электронды түрде түскен өтініштер жұмыспен қамту органдары жанынан құрылған штабтарда қаралуда. Күнделікті түскен өтініштерге сол күні төлем жасау жүргізілуде. Филиалымыздың әлеуметтік сала бойынша мамандары күні-түні жұмыс жасауда.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі