Төтенше жағдайдың ұзартылуына байланысты 42500 теңге екінші рет төлене ме?
Қазақстанда төтенше жағдай ұзартылуына байланысты әлеуметтік төлем екінші рет төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Министрдің айтуынша әлеуметтік төлемді екінші рет алу үшін екінші мәрте онлайн өтініш берудің қажеті жоқ. – Төтенше жағдайдың қанша күнге ұзартылғанына қарамастан екінші рет те сізге 42500 теңге төленеді. Бұл өзі сондай ерекше төлем түрі. Егер, мысалы, төтенше жағдай 5 күнге ғана ұзартылса да азаматқа 42500 теңге төленеді, – деді Б. Нұрымбетов.