Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қалаға қарасты саяжайларға жылжымалы көлікпен көшпелі сауда ұйымдастырылуда

Қалаға қарасты саяжайларға жылжымалы көлікпен көшпелі сауда ұйымдастырылуда

Төтенше жағдай кезеңінде қала төңірегінде орналасқан саяжайларға жылжымалы көлікте көшпелі сауда ұйымдастырылды.
Төтенше жағдай кезеңінде қала аумағында блок-бекеттер орналасуына орай, қалаға қарасты елді-мекен тұрғындарының қалаға кіріп-шығуына шектеу қойылды.
Осы ретте, қала әкімінің тапсырмасымен қаланың шет аймақтарында шоғырланған елді мекендердегіхалықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тапшылығын болдырмау мақсатында,                     "Мирас" және "Анвар" сауда орталығыныңдемеушілігімен арнайы жүк көлігі бөлініп,  қала төңірегінде орналасқан саяжайларға («Эделвейс», «Сабалақ», «ПМК-29», «Электромонтажник», Наурыз, Ақсуат, т.б.) нарық бағасынан 5-10% төмен бағада азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттармен көшпелі сауда ұйымдастырылды. Жалпы көшпелі саудаға                 5 тонна көлемінде сұранысты қажет ететін өнім түрлері (азық-түлік: картоп, пияз, сәбіз, күріш, рожки, сүт, шәй, өсімдік майы; тұрмыстық заттар:сабын, ұнтақ, сіріңке, фейри, шампунь т.б.) сатылымға шығырылды.
"Қазір бекеттерге тосқауыл қойылғандықтан қалаға өте алмай қалдық. Бүгін міне бізге көшпелі сауда келгенін естіп, қажетті заттарымды алып жатырмын. Шімішкі май, картоп, сәбізімді, т.б. алып жатырмын. Енді бізге жиі келіп тұрса екен, бағалары да тиімді"- деді саяжай тұрғыны Айнагүл Оразымбетова.
Бұған қоса, қаладағы 167 дәріханалардың ішінен «Еврофарм» ЖШС жылжымалы дәріхана қызметі қаланың шет аймақтарына шығып өз тауарларын халыққа ұсынуда.
Алмасбек Есмаханов, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы: "Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі кезінде қаланың кіре беріс жерлерінде 5 тосқауыл бекеттері қойылғандықтан, қаланың шеткі елді мекендерін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында бүгін жылжымалы көлікте көшпелісауда ұйымдастырып отырмыз. Бұл бірінші кезекте карантин кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып, тұрғындар сыртқа бармай-ақ үйінің алдына келіп тұрған жылжымалы көліктен қолжетімді бағада қажетті өнімдерін ала алады.Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде өз жалғасын табатын болады".      
17 сәуір 2020 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам