Covid-19 вирусының жаңадан 12 дерегі анықталды
Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны143-ке жетті. Оның ішінде, Қызылордада-21, Жаңақорғанда -28 жағдай, Аралда-4, Сырдария-25, Қармақшыда-4, Шиеліде-59, Қазалыда-2 дерек тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
« COVID-19 вирусының жаңадан 12 дерегі анықталды. Оның үшеуі –Қызылорда қаласынан, тоғызы- Жаңақорған ауданынан тіркелді. Жаңадан тіркелгендердің біреуі- Жезқазған қаласынан вахталық ауысыммен жұмыс істеп келген азамат болса, қалғаны коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен байланыста болған. Сондай-ақ, жаңа тіркелгендердің ішінде 2 медицина қызметкері бар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда»,-деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталан азаматтармен байланыста болған -2162 азамат анықталды. Оның 1128-і жақын қатынаста болса, 1034-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, денсаулықтарыңызды күтіп, үйде болыңыздар.
Өңірлік коммуникациялар орталығы.