Ұлтын биіктеткен академик
Қазір болып жатқан небір оқыс оқиғаға таңырқамайтын болдық. Жұртын жеген жемқордың өзін кешіріп жатыр. Ағайынын алдап, арбаған да ар-намысқа жатпай барады. Мұншалықты пәс түскен ой-өрісті мына жағдаймен жаңғыртып алсақ деймін.
1947 жылы ағылшын Прьемер министр Уинстон Черчилль кеңес елінің делегациясын қабылдайды.Делегация құрамында академик Қаныш Сәтпаев та болады. Академиктің тау тұлғасына таңырқаған Черчиль: «Қазақтың бәрі сіз секілді ірі келе ме?» депті. Сонда Қаныш: «Қазақ менен де биік» деген екен.
Қаныштың мұражайда қазіргі сақтаулы шапанының ұзындығы екі метр, құлақшыны 62 размерлі екен. Соған қарап-ақ оның алып адам болғанын білу қиын емес.