Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сиқырлы таяқшаның сардары

Сиқырлы таяқшаның сардары

Қияндағы танымал қандастар
Әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген еуропалық конкурстың жеңімпазы Алан Бөрібаев әлем мойындаған музыкант.
Ол 1979 жылы Алматы қаласында музыканттар отбасында дүниеге келді. Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыкалық колледждін скрипка класы бойынша бітіргеннен кейін опералық-симфониялық дирижерлік (профессор Т.Әбдірашевтің класы) және скрипка (профессор А. Мұсақожаеваның класы) мамандығына Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Одан әрі Вена орындаушылық өнер және музыка университетінде жалғастырды.
Алан студент кезінен Қарағанды филармониялық оркестрінің екінші дирижері мен Астана қаласындағы Қазақ ұлттық академиялық оркестрінің шақырылған дирижері қызметтерімен ұштастырады. Халықаралық байқау мен фестиваль дипломанты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестріне, "Солистер академиясы" мемлекеттік камералық оркестріне дирижерлік етті. Бүгінгі таңда Ирландия елінің Ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі. Мұнымен қоса Еуропалық оркестрлермен жұмыс атқарады. Сондай-ақ Нидерланд елінің Брабант оркестрінің бас дирижері.
Оның 1999 жылғы Загребтегі Ловро фон Матачич атындағы Халықаралық дирижерлер байқауындағы жеңісі халықаралық танымалдылық және бірнеше еуропалық оркестрмен ынтымақтастық туралы ұсыныстар әкелді.Содан бастап Алан Асқарұлының бағы жана бастады.
Мысалы Николай Малько атындағы Халықаралық дирижерлер байқауында «көп үміт күттіретін үздік дарын» арнайы жүлдесін жеңіп алады да артынша Тренто қаласында (Италия) Антонио Педротти атындағы Халықаралық дирижерлер байқауының І сыйлығымен марапатталады.
2002-2007 жылдары Астанаға оралып, симфониялық оркестрдің бас дирижерi болды. Осы кезеңдерде Майнинген театрының (Германия) музыкалық жетекшісі қызметін де атқарды.
Ал, 2006-2011 жылдары Норрчепинг (Швеция) симфониялық оркестрінің, Брабант оркестрінің (Нидерланд) бас дирижері бола жүріп, Дрезден филармониялық, Неміс симфониялық (Берлин) оркестрі, Бирмингем қаласының симфониялық оркестрі, Дж.Верди атындағы Милан оркестрі, Хельсинки және Осло филармониялық оркестрлері тәрізді ipi ұжымдармен үнемі ынтымақтастық қарым-қатынасты үзген емес. Көптеген әйгілі оркестрге дирижерлік етті. Олардың ішінде Лондон филармониялық, Лейпцигтің Гевандхауз,Роттердам филармониялық, Мельбурн симфониялық, Балтимор симфониялық, Осло филармониялық оркестрі, Токио симфониялық оркестрі бар.
Алан 2011 жылы Ресейдің Үлкен театрымен ынтымақтаса жұмыс жасай бастайды, онда Прокофьевтің «Үш апельсинге махаббат», Чайковскийдің «Евгений Онегин», Моцарттың «Сиқырлы флейта» операларына дирижерлiк жасады.
2012 жылы Еуропада алғаш рет А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия мемлекеттік операсының сахнасында қойған (Германия) қазақ. Және «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақстанда туылып, әлемді әсерге бөлеген әйгілі дирижер қазір ең танымал тұлға саналады.
Қ.Құрбан
18 сәуір 2020 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 423 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам