Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нартай Бекежанов атындағы театрға академиялық мәртебесі берілді

Нартай Бекежанов атындағы театрға академиялық мәртебесі берілді

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына академиялық мәртебесі берілді. Бұл жөнінде Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры» КМҚК-на Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы №800 қаулысымен «Академиялық» мәртебесі берілді. Бұл жаңалық - Сыр елі мәдениеті мен өнерінің деңгейі мен сала мамандарының тынымсыз еңбектерінің жемісі деп білеміз», - деді басқарма басшысы.
Академиялық театр жетекші және тарихы бай театрларға берілетін құрметті атақ. Ол 1919 жылдан бастап енгізілген. Алғашқы академиялық театр атағы Ресейдің байырғы музей және драма театр ұжымдарына берілді. Олардың қатарында Ресейдің Мәскеу қаласындағы Үлкен, Кіші, Көркем театрлар мен Санкт-Петербургтегі Александрин, Мариин және Михайлов театрлары бар. Ал елімізде 1937 жылы Қазақ драма театры, 1941 жылы Қазақтың опера және балет театрына осындай мәрте берілді. Сондай-ақ, бүгінде мұндай мәртебеге Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры ие болған.
Нартай Бекежанов атындағы тетар іргесі 1955 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарындағы жергілікті театры негізінде ұйымдастырылған. 1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшірілді. 1970 жылы Нартай Бекежановтың есімі берілді.
28 қазан 2019 ж. 1 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам