Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әнші Арман Қоңырбаев Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды

Әнші Арман Қоңырбаев Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды

Алматыда Арман Қоңырбаевқа төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Арман Қоңырбаев - қазақстандық әнші (Mysterions тобының солисі), Аша Матайдың күйеуі.

Ол түнде Абай даңғылында орналасқан лаундж-бардың бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде бұл ойын-сауық мекемесі елде енгізілген төтенше жағдайға қарамастан жұмыс істейтіні анықталды.
«Бұл мекеменің есіктері айқара ашық болмаса да, тек сенімді клиенттерді ішке кіргізіп отырған. Олардың қатарында А. Қоңырбаев та болды, ол ТЖ-ні бұзғанын мойындаған. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 10 адам ҚР ҚҚ ӘҚБ-тің 476-бабы бойынша құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мекеме иесі - гр. Жүсіпов Д., 1992 жылғы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен гр. Қоңырбаевқа 10 АЕК (27 778 теңге - Stan.kz) айыппұл салынды.
Тағы екі адамға 10 АЕК айыппұл салынды. Қалғандары 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», - деді Алматы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков. 
Аша Матаймен отбасын құрған әншінің бүгінде екі қызы бар. Жұлдызды жұп қантарда тағы да ата-ана атанды. 

18 сәуір 2020 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 434 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам