Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды

Төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды

Елімізде енгізілген төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында  төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды.
       Соңғы тәулік ішінде 425 мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 51 құқық бұзушылық анықталды.  
       Қала төңірегінде - 38, Қармақшыда - 10, Жалағаш-1 және Байқоңыр қаласындағы Өкілдікпен - 2 дерек анықталды.
      Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 177 әкімшілік іс қаралып, 77 тұлғаға айыппұл салынса, 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды.
       Көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталып, олар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
         Сонымен қатар, облыс бойынша 35 бекет қойылды. Облыс аумағына кіретін автожолдарда азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында 3 санитарлық-өткізу бекеттері жұмыс атқаруда.
       Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.
       Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда жүргізіл жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі 43 пайызға, ал жол – көлік оқиғалары 25 пайызға азайып отыр.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
13 сәуір 2020 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам