Құрбымның анасы 42 500 теңгені игілігіне жаратты

Құрбымның анасы да Мырзалиева Айгүл тігін шеберханасында қызмет атқаратын. Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезеңінде ақысыз демалысқа шыққан еді. Телеграмм бот арқылы өтінім бергенін айтып, әлеуметтік желінің қазіргі заманауи түрін осылай бір күнде игеріп шыға келгенін айтты.
Осы төтенше жағдай кезеңінде мемлекет ұсынған жәрдемақы бұл отбасыға көмек болды. Үлкен көмек болды.
Айгүл апай, 42 500 теңгені игілігіне жаратып отырған көп отбасылардың бірі ретінде рахметін жеткізуді тапсырды.