Коронавирус инфекциясы бойынша 4 науқас тіркелді
Өңірде COVID-19 вирусы бойынша тіркелген науқас 147-ге жетті. Өткен тәулікте Қызылорда облысында жаңадан коронавирусы инфекциясы бойынша 4 науқас тіркелді. Оның 2-і Қызылорда қаласынан, 2-і Жаңақорған ауданынан.
– Қызылорда қаласынан анықталған 1 науқас алдында анықталған науқаспен тікелей қарым-қатынаста болған. Ал екінші науқастың жұғу ошағы анықталуда. Жаңақорған ауданындағы 2 науқас алдында тіркелген отбасыдан анықталып отыр. Қазіргі таңда инфекциялық төсек орында 126 науқас ем алуда. Олардың жағдайы бірқалыпты, емдерін жалғастыруда. Осы күнге дейін аймағымызда 4800 тест сынамасы алынған. Өткен тәулікте 788 тест сынамасы алынса, 603-і теріс нәтиже көрсеткен, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.
Басқарма басшысы айтып өткендей, соңғы анықталған жағдайлар және осыған дейінгі науқастарды саралап қарасақ, негізінен отбасылық жұқтыру басым екені байқалып отыр. Қазіргі қатаң карантиндік шаралар індеттің жұқтыру қауіпін төмендетеді. Сондықтан барлық азамат үйде жеке бас гигиенасын сақтап, тәртіпті күшейту қажет.