Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өңірде инфекция жұқтырған 5 жағдай анықталды

Өңірде инфекция жұқтырған 5 жағдай анықталды

 Өңірде қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 124 жетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов жаңадан 5 жағдайдың тіркелгенін атап өтті.
Олар Шиелі, Сырдария, Жаңақорған ауданының тұрғындары. Бастапқы екі ауданнан шыққан 4 науқас бұрын ауру жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болып, карантиндік бақылауға алынған. Ал, 1 науқас Жаңақорған ауданында жаңадан анықталған. Инфекция жұқтырғандар 2-61 жас аралығындағы 2 ер адам мен 3 әйел кісі. Қазіргі уақытта ондағы індет ошағы анықталып, тиісті шаралар жүргізілуде.
Соңғы мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда инфекциялық ауруханада 122 науқас ем қабылдауда. Жағдайы бірқалыпты саналады. Провизорлық стационарда – 25, карантиндік бақылауда – 407 адам оқшауланған. Сондай-ақ 1-Б категориялы елден келген 19 азамат болса, оның 4-еуі стационарлық, қалғаны үй бақылауына алынған. Жалпы коронавирусты жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандар саны бүгінде 1504 адамды құрайды. Олардың 843 жақын, 661 потенциалды байланыс жасаған.

"Ақмешіт-ақпарат"
15 сәуір 2020 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 074 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам