Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » COVID-19: Шиелі ауданының 82 жастағы тұрғыны қауіпті індетке шалдықты

COVID-19: Шиелі ауданының 82 жастағы тұрғыны қауіпті індетке шалдықты

Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастардың саны 148 адамға жетті. Бұл туралы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.
«Бүгін, 19 сәуір күні Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырған адам – 82 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес, екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Науқас жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», – делінген аталған департамент таратқан хабарламада.
2020 жылдың 19 сәуіріндегі жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 148 дерегі тіркелді. Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 24, ем қабылдап жатқандар саны – 124.


20 сәуір 2020 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам