Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Акцияны аймақта алғашқы болып бастады

Акцияны аймақта алғашқы болып бастады

Адамзат баласын алаңдатып, қозғалысына қолайсыздық тудырған COVID-19 пандемиясының бейқам жатқан бейбіт елде белең алып, берекесін бұзуы әрбірімізді де бей-жай қалдырмауда. Сан мыңдаған адамды сарсаңға салған індет Сыр өңірінде де ірге жайып, вирус жұқтырғандар жұрнақталып келеді. Соңғы күндердегі сауыққандар санының артуы көңілге медеу. Бүгінде Президенттің пәрменімен, Елбасының бастамасымен қоғамның барлық саласы жан-жағына жақсылық жасауға, қамқорлықты қажет ететін қарапайым тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуге, жұртшылықты жігерлендіруге, сабырға шақыруға ат салысуда.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті кез келген жағдайда жедел әрекет етуді, өз қызметін мерзімінде, әрі жүйелі жүзеге асыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да, қалыпты қызметін қалтқысыз атқару үшін Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» № 285 Жарлығы жарияланысымен жедел жоспар құрып, аймақта алғашқы болып ауқымды акцияны жүзеге асырды. Атап айтқанда, облыстық комитет акцияның алғашқы толқынында қалалық, аудандық филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының ұсынысымен, аз қамтылған 362 отбасының әр қайсысын 15 000 теңгенің азық-түлігімен қамтамасыз етіп, 5 430 000 теңгенің тауары үлестірілді. Аталмыш акция «Біз біргеміз» ұранымен ұйымдастырылып, оған кәсіподақ комитетінің жастар кеңесінің мүшелері көптеп тартылды.
Бұқаралық сипатқа ие болған бастамаға белсенділік танытып, екінші мәрте еселей түскен қала, аудан филиалдарының қызметі көңіл қуантты. Мәселен, Арал ауданы 90 отбасыға, Қармақшы ауданы 116 отбасыға, Қызылорда қаласы 46 отбасыға азық-түлік тауарларын таратып, алғысқа бөленді. Бұған қоса, аймақтағы орта білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұсыныстарымен әр мектептен аса мұқтаж екі кіші қызметкерден арнайы тізім жасақталып, барлығы 106 отбасыға азық-түлік өнімдері жеткізіліп берілді. Осы орайда, өз қызметкерлеріне мүмкіндігінше көмек көрсеткен облыс орталығындағы № 264 Т. Есетов атындағы мектеп-лицейі, №15 мектеп-гимназиясы, №3 IT лицейі, №10 орта мектептері бастауыш кәсіподақ ұйымының қоғамдық белсенділігін атап өткен жөн.
Өзге аудан филиалдары осы мақсаттағы нәтижелі жұмыстарын өңірдегі қатаң карантин режимі аяқталғаннан кейін жүзеге асыратын болады. Бұл жұмыстар өз кезегінде акциямыздың екінші толқыны ретінде жалғаспақ.
Бұдан бөлек, кәсіподақ комитеті тарапынан облыс аумағында 8000-нан астам медициналық маска таратылды.
Жабырқағанның жанынан табылу қашанда ұстанымымыз. Осы орайда, ел көлеміне енгізілген төтенше жағдай тұсында тұрғын үйі өртенген кәсіподақ мүшелерін де назардан тыс қалдырмай, 350000 теңге көлеміндегі көмек көрсетілді. Бүгінгі күні төтенше жағдай кезінде кәсіподақ комитеті мүшелеріне көрсетілген көмектің жалпы соммасы 11317 000 теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезіндегі небәрі бір айда атқарылған ауқымды акцияның ақпараты.
Қай салада болмасын кәсіподақ ұйымы міндеттерінің бірі – кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғап, олардың мәртебесін көтеруге қызмет етіп, заңсыздықтарға жол бермеу.
Қазіргі уақытта ұйымның білім беру саласындағы барлық мүшесінің әлеуметтік картасын әзірлеу жұмыстары жоспарлануда. Бұл бастама өз кезегінде ұйым мүшелеріне жеке дара мониторинг жасауға мүмкіндік беріп, сол арқылы олардың тұрмыс-тіршілігін анықтап, мәселелерін бір орталықтан бақылауға септігін тигізеді. Кәсіподақ әлеуметтік әріптестерімен бірігіп,еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың сақталуына бақылауды күшейтті. Төтенше жағдай кезеңінде кәсіподақ мүшелерінен жазбаша, электронды мекен-жайы және әлеуметтік желілер арқылы 300-ге жуық өтініш келіп түсті. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі бос тұрып қалу жағдайында жалақының төленуі, ақылы еңбек демалысының берілу тәртібі мен дұрыс есептелуі, «Мұғалім мәртебесі туралы» заң аясында магистранттарға қосымша ақы төлеу тұрғысында болып отыр. Кәсіподақ ұйымы кез келген өтінішті қараусыз қалдырмай, заң шеңберінде шешуге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауына сәйкес 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтерілгені баршаңызға мәлім. Аталған пайыздық өсімнің тиісті деңгейде төленбеуі төңірегіндегі өтініш көптеп түседі. Мәселен, Қазалы ауданында арнаулы орта білім беру ұйымдарының магистрларына төленбеген қосымша ақы анықталып, кәсіподақ тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңының 8 бабының 5-тармағына сәйкес 39 магистрантқа қаңтар, ақпан және наурыз айларына есептеліп төленуіне ықпал жасалды. Бастапқы әскери дайындық және технология пәні мұғалімдерінің лауазымдық жалақысын есептеу туралы өзекті мәселелер де өз шешімін тапты.
Сонымен қатар, Арал қаласындағы 3 балабақшада педагог қызметкерлерінің қаңтар айынан бастап көбейтілген 25% жалақының қосылмағаны анықталды. Кәсіподақ мүшелеріне тиесілі қаражат уақытылы төленбегені белгілі болып, нәтижесінде 2 172 389 теңге қайта есептеленіп берілді.
Әлемді әурелеген коронавирус кезінде білімді ұрпақ тәрбиелеу ісін іркіліссіз ілгерілетуде тынымсыз еңбектерін жалғастырып келе жатқан талантты ұстаздардың талпынысы талапты шәкірттерінің ыстық ықыластарымен өлшенетіні белгілі. Бүгінде барша жұрт бала оқыту ісінің қиындығын интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көріп, мойындап отыр. Осы орайда, дана халқымыздың «Білім басы – бейнет, соңы – зейнет» деген нақылын нақыштаған ұстаздар қауымына алғысымды жеткізгім келеді. Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!

Гүлнар ЕСҚАЛИЕВА,
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
облыстық комитетінің төрайымы

21 сәуір 2020 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам