Қызылорда қаласында 6 науқас тіркелді, өңірде жалпы саны 157 болды
Қызылорда облысында коронавирустық инфекция жұқтырған тағы 6 науқас тіркелді.
22 сәуір 20:30-дағы мәлімет бойынша қауіпті індетке шалдыққан 6 науқастың барлығы да Қызылорда қаласынан.
Осылайша, облыс бойынша коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың жалпы саны 157 адамға жетті.