Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

 Баршаңызды күллі мұсылман үмбеті асыға күтетін, қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – адамгершілікке, сабыр мен төзімге, шексіз ізгілікке, шүкіршілікке шақыратын сауабы мол мезгіл. Рамазан айында ораза ұстау ізгі ойлар мен игі істерге және татулық пен қайырымдылыққа жетелейді.
Қазір әлем жұртын алаңдатқан алып індеттің кесірінен еліміз күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дерт біздің аймақта да көптеп тіркелуде. Бұл пандемия күннен-күнге ушығуда. Өкінішке орай, биылғы Рамазан айы да осы төтенше жағдай кезеңіне сәйкес келіп отыр.
Осындай сындарлы сәтте бәріміз сабыр сақтап, төзімділік танытуымыз керек. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығатынымызға сенемін! Сіздерді Рамазан айындағы құлшылықты, ауызашарды отбасында өткізуге шақырамын.
Адамзатты жақсылыққа тәрбиелейтін Рамазан айында тілеген тілектеріңіз бен дұғаларыңыз қабыл болып, баршаңызға жақсылық пен бақ-береке әкелсін!
Ұстаған оразаларыңыз, ниеттеріңіз қабыл болсын!

Айдын Қайруллаев
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры.
24 сәуір 2020 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 616 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам