ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Қасиетті рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әлем мұсылмандарының бір мезетте ізгі амалдары мен ниеттерін біріктіретін Рамазан айы – сабырлық пен шыдамдылықтың, шүкіршілік пен қанағаттың, қайырымдылық пен мейірімділіктің негізі.
Ораза айының басталуымен Отандастарымыз мұқтаж жандарға қайырымдылық пен қамқорлық көрсетіп, мейірім шапағатына бөледі.
Біздің еліміз – мұсылман әлемінің бір мүшесі ретінде барлық игілікті бастамаларға қолдау көрсетіп, еліміздегі конфессиялардың толерантты ұстанымын қолдайды.
Оразадан – оразаға, айттан айтқа аман-есен жетейік. Отбасыларыңызға құт-береке, елімізде бейбітшілік пен жарасымдылық артсын! Бірлігіміз бен ынтымағымыз жарассын!
Ораза айт құтты болсын!
Құрметпен, облыс әкімі
Қ.Е.Көшербаев.